Жарияланды: 470

Түрмеден қашу оқиғасының жолы кесілді, бақылау қызметінің сержанты қаза тапты

Түрмеден қашу оқиғасының жолы кесілді, бақылау қызметінің сержанты қаза тапты

Бүгін түнде сағат 01.30-дың шамасында Балқаштағы АК-159/2 мекемесінде төтенше оқиға орын алды,

деп хабарлады Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен. Бір топ сотталушы Ішкі істер министрлігі ішкі әскері бекетінің сақшысына қарулы шабуыл жасады. Оқиға орнына дереу жеткен мекеме қызметкерлерінің кезекті наряды мен сотталушылардың арасында болған атыс-шабыстың барысында қылмыстық-атқару жүйесінің екі қызметкері мен бақылау бекетінің сақшысы жарақат алды. Медициналық көмектің дер кезінде көрсетілгеніне қарамастан, бақылау қызметінің сержанты алған жарақаттан көз жұмды. Сотталушылардың қашу оқиғасының жолы кесілді. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығы, құқық қорғау және қадағалау органдарының өкілдері оқиға орнына аттанды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін