Тұрмысы төмен отбасылардың барлық балалары жазғы демалыспен және сауықтыру шараларымен қамтылады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.03
  • 521.44
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрмысы төмен отбасылардың барлық балалары жазғы демалыспен және сауықтыру шараларымен қамтылады

Тұрмысы төмен отбасылардың барлық балалары жазғы демалыспен және сауықтыру шараларымен қамтылады

Павлодар білім бөлімінің «Отбасы және жаз» жобасының аясында тұрмысы төмен және берекесіз отбасылардың барлық балалары жазғы демалыспен және сауықтыру шараларымен қамтылады.

  • 12 Шiлде 2011
  • 1043
Фото - Caravan.kz

Облыс орталығындағы 40 мектепте маусым айының басынан бері мектеп жанындағы күндізгі лагерьлер жұмыс істеуде. Оларда үш мезгіл тамақтандыру, сауықтыру және қызықты демалу шаралары қарастырылған. Бірінші және екінші маусымда аталмыш лагерьлер 8 446 баланы қабылдады. Олардың 2730-ы — әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың балалары. Тұрмысы төмен отбасы екенін растайтын құжаттар көрсете алмаған тағы 500-ден астам бала аталған лагерьлерде демеушілердің есебінен демалды.

Баянауыл ауданындағы «Жас дәурен» сауықтыру орталығы асырап алған отбасыларда тұратын 100 жетім баланы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларын демалысқа қабылдайды, тағы 22 бала қала сыртындағы «Лесная сказка» лагеріне жолдама алды.