Кеше журналистермен кездескен Бразилия, Италия, Тайланд және Қазақстан құрамасының бас бапкерлері өз командаларының ойын мәнерін жетілдіруге бар күштерін салатынын жеткізді. Атап айтқанда бразилиялық Хосе Роберто Ладжес Гимарайнш, итальяндық Барболини Массимо, тайландтық Радчатагриегкай Киаттипонг 24-28 тамызда Макаода өтетін ақтық сында өнер көрсетуге үмітті екенін жеткізді. Ал қазақстандық Бақытжан Байтөреев өз тәлімгерлерінің бұл сында әрбір ұпай үшін жан беріп, жан алысуға дайын екенін және жанкүйерлерге тартысты ойын өрнегін көрсетуге тырысатынына сендірді. Сондай-ақ Қытайдың Луохе қаласында өткен алғашқы кезеңде жарыс қожайындары мен АҚШ пен Сербия құрамаларымен болған сайыстағы өз командасының ойынына қанағаттанатынын айтты. Жалпы FIVB Әлемдік Гран-Приінің алғашқы кезеңінде Ресей, Бразилия, Италия — 9 , АҚШ — 8, Сербия -7, Жапония, -6, Тайланд -5, Куба мен Польша -4, Доминикан, Қытай, Корея -3, Аргентина 2 ұпай жинап, Германия, Қазақстан, Перу бірде-бір ұпай ала алмаған болатын.