Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
«Қазақтың әп-әйбат Тұрсын деген атынан жерігеніне қарағанда, Турсен деген аты ұнайды-ау деймін өзіне) Араласатын ортасында Тұрсын деген атың дұрыс қой деп бетіне айтатын біреу табылмаған ба-ей сонда?», деді Жолымбет Мәкіш фейсбуктегі парақшасында.
Ал, оқырмандары Тұрсын Алагөзов жайлы білетін ақпараттарды жариялады.
«Аты Турсен. Әкесі құрбымның туысы. Анасы балалар үйінде өскен, сол Совет заманында және өскен жері т.б байланысты солай жазылып кеткен-ау. Негізі, жақсы адам. Жүкті боп қолған жалғыз басты қыз-келіншектерге көмек ретінде «бір үй»ашқан. Сонда босанып 1-2жылдай тегін тұрады. Барлық жағдайларын жасап қойған. Аутист т.б аурушаң балаларға да көмектеседі, біраз нюанстарын ұмыттым. Құрбым айтқан әңгіме«, деп Әсел Кәрім есімді азаматша.
«Аналар үйі деген орталық ашқан баянның өзі ғой. Ал, Тұрсынның әкесі ұйғыр, шешесі екі қабат болған соң, қашып кеткен еркек. Шешесі Тұрсынды детдомға беріп, өзі хабарласып отырған. Әне-міне алып кетем детдомнан деп жүргенде аурудан қайтыс болып кеткен екен. Ол кезде Тұрсын 14 жаста болған. Шешесі бір жерде техничка болып істеп жүрген. Әкесімен Тұрсын таяуда ғана , Баянмен ойнас жасап жүргенде, танысып, араласа бастаған. Соның өзінде әкесі Тұрсынның үйі бөліске түскеніне ат салысып, бір түйір болса да ақшасына таласқан. Баласымен екеуі бір жыл сооттасты», деп жазды Шара Құрбанова.