"Тұрсынбек қарсы, Мөлдір қысым көрсетіп жатыр": Қабатовтың екінші әйелі отбасындағы бар қиындықты айтып, шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тұрсынбек қарсы, Мөлдір қысым көрсетіп жатыр": Қабатовтың екінші әйелі отбасындағы бар қиындықты айтып, шу шығарды

"Тұрсынбек қарсы, Мөлдір қысым көрсетіп жатыр": Қабатовтың екінші әйелі отбасындағы бар қиындықты айтып, шу шығарды

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен оның жары Мөлдір Мұқанованың арасындағы кикілжің басылар емес.

  • 15 Шiлде
  • 140
Instagram/zhuldyzdy_news

Әлеуметтік желіде өзін Қабатовтың екінші әйелімін деп таныстырған келіншек ел алдында шу шығарып, масқара болды, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі дүйім жұрттан кешірім сұрап, бейнеүндеу жариялады. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін үнсіз жүруге келіскен екен. Алайда Мөлдір ханым тарапынан қысым күшейген соң, шыдай алмағанын айтты.

«Мен мынау дүйім халқымнан кешірім сұраймын. Себебі фильм шыққанға дейін үндемей келдім. Арамызда қалады деп келіскенбіз. Бірақ мен жаққа Мөлдір ханымнан қысым болып жатыр. Оны Тұрсынбек те тоқтата алмай отыр. Менің жұмысым тоқтап қалды. Сондықтан амалсыздан үндеуімді жолдап отырмын», — деді ол.

Айтуынша, бастапқыда фильм шыққан соң бәрін жария етуге келіскен екен. Алайда күткен нәтиже болмағандықтан және жұмысын жүргізе алмай қалғандықтан, халыққа мәлімдеуге мәжбүр болған.

Перейти к новостям спорта