Тұрсынбек Қабатов, шоумен:
-Жоба театр ашылмас бұрын ойда болған. «Әзіл алаңын» өткізу. Жасқа қарамайды. Әзіл жанрында, пародия, монолог, әзілді әнмен жеткізе алатындар, әзілді бимен жеткізе алатындар. Солардың барлығын шақырамыз.Жалпы, ең соңында, түбіне келгенде күлдірсе болды ғой. Өйткені бізде қазір осы жанр кенже қалып бара жатыр.
Бұл — еліміздегі әзіл-сықақ жанрында ұйымдастырылған алғашқы байқау. Кастинг алдымен 6 қазанда Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы жастар театрында, 8 қазанда Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді. Өнер жұлдыздарынан тұратын қазылар алқасы алдымен дарыны ерекше алпыс адамды іріктеп алады. Әрі қарай әр бағдарламада он адам өнер көрсетеді де, озық шыққан бес өнерпаз келесі айналымға өтеді. Жүлделі орынға КТК телеарнасының арнайы сыйлықтары бар. Сондай-ақ, Қабатов жеңімпаздарды «Әзіл алаңынан» «Әзіл әлеміне» қосамын деп уәде беріп отыр. Яғни, ерекше өнерімен таңқалдырған жастарды театрға шақырады, тіпті киноға түсуге ұсыныс жасамақ.