Тұрсынбек Қабатовқа қатысты даулы оқиға жалғасын тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрсынбек Қабатовқа қатысты даулы оқиға жалғасын тапты

Тұрсынбек Қабатовқа қатысты даулы оқиға жалғасын тапты

Бұған дейін БАҚ-та БАҚ-та Тұрсынбек Қабатовтың көлігімен кісі қағып кетті деген ақпарат тарады. Ұлынан айырылған ана істің әділ жүргізілмегенін айтқан болатын. Ал әзілкеш оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

  • 25 Қараша 2020
  • 405
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

 Бұған дейін адам қақты деген күдікке ілінген Тұрсынбек Қабатовтың көмекшісі тағы да көлік тізгініне отырды. Полиция оны мас күйінде көлік басқарып, жылдамдық асырғаны үшін ұстаған.

Ол белгілі әзілкештің әйелі Мөлдір Мұқанованың 2019 жылғы Cadillac Escalade көлігін басқарған, деп хабарлайды "Көкшетау Азия".

"Қабатовтың көлігімен адам қақты"

2019 жылдың 13 қазанында Ақмола облысындағы елді мекен тасжолында жол апаты болды. Алған жарақат салдарынан 34 жастағы Ерлан Омарқұлов көз жұмды.

Кейін көлік Тұрсынбек Қабатовқа тиесілі екені туралы ақпарат шықты. Алайда оқиға болған күні рөлде әзілкештің көмекшісі отырған. Кейін әзілкеш ақпаратқа
түсініктеме берді
.

Ол көмекшісі көлік сұрағанын айтты. Оның жүргізуші куәлігін бұған дейін көргендіктен, көлік кілтін берген.

"Сол жерде болмасам да, "көлік сенікі ғой" деп кінә тағып жатқандар болса, кешірім сұраймын. Бірақ көліктің ішінде болған емеспін. Сіздерге айтарым осы", – деді Тұрсынбек Қабатов.

Осы оқиға салдарынан ұлынан айырылған ана істің әділ жүргізілмегенін айтқан болатын.

Перейти к новостям спорта