”Тұрсынбек сатқындық жасап кеткенде Мөлдір жалғыз өзі тұнжырап қалған сәттер болды” - журналист - kaz.caravan.kz
  • $ 470.46
  • 543.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Тұрсынбек сатқындық жасап кеткенде Мөлдір жалғыз өзі тұнжырап қалған сәттер болды” - журналист

”Тұрсынбек сатқындық жасап кеткенде Мөлдір жалғыз өзі тұнжырап қалған сәттер болды” - журналист

Журналист Ербол Мәндібек Тұрсынбек Қабатов пен оның бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанова туралы сөз етті.

  • 2 Сәуiр
  • 17
Facebook

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Тұрсынбек жездем сатқындық жасап кеткен
менің Мөлдір апам жалғыз өзі тұнжырап қалған сәттер болды. Сондай кезде топ ішінен қара үзіп Қайрат ғана апамның көңілін аулады. Нағыз ер азаматқа тән қасиет.

Сын сағатта қолдау жасау, әсіресе әйел адамның көңіліне қарау нағыз ер жігітке тән мінез. Шоу бизнес әлемінде достыққа берік екі адам болса соның біреуі дәл осы Қайрекең.

Сөз жоқ, Мөлдір өте мықты әйел. Тұрсынбексіз де аяғына тік тұрды.
Ал оған осылай қолдау жасау, көңіліне демеу болу одан сайын жігерлендіреді. Бала-шағасын ешкімнен кем қылмай, жеткізсем деп шапқылап жүр. Иман, тәрбие, адалдық атты қасиеттер көз жанарында жазылып тұр. Ең бастысы, өзі сияқты жалғызбасты әйелдерге мотивация мен үлгі беріп келеді.
Сондықтан, Торғайдың текті қызына тек сәттілік тілеймін”, — деп жазды журналист.