"Тұрсынбекті алаңға шығарып дарға асу керек немесе басын шабу керек": блогерлер мен оқырмандар не дейді? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тұрсынбекті алаңға шығарып дарға асу керек немесе басын шабу керек": блогерлер мен оқырмандар не дейді?

"Тұрсынбекті алаңға шығарып дарға асу керек немесе басын шабу керек": блогерлер мен оқырмандар не дейді?

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына басқа қыз тест тапсырғаны мәлім. Бұл төңіректегі дау әлі басылар емес. 

  • 19 Тамыз 2021
  • 12788
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Блогер Ардақ Байғабыл қазақты өлтіретін көреалмаушылық деп Тұрсынбек Қабтовқа қатысты өз пікірін айтты және желідегі оқырмандардың сұмдық пікірлері жайлы сөз қозғады. 

"Ассалаумағалейкум ағайын! Біз қазір Атыраудамыз.

Әңгіме Тұрсынбек Қабатов жайында болмақ. Мен бүгін Тұрсынбекке байланысты посттарды көріп, астындағы комментарийлерді оқиыншы деп қарадым. Мен таң қалдым. Жағамды ұстадым. СубханАлла! Алла өзі сақтасын!

Комментарийлерді оқыған кезде, Тұрсынбекті алаңға шығарып дарға асу керек та немесе басын шабу керек. Сондай комментариялар адамды қиып жіберу, сондай қатігездік. Мен соншалық адамды қия салатынына таң қалдым. Адамның бүкіл еңбегін алып, ысыра салады. Бұл жерде қатігездік пен көреалмаушылық деп ойлаймын. Бүкіл алаштықтарды осы көреалмаушылықтың себебінен атып тастады. Сол алаштықтарды орыс атқан жоқ, қазақ атты, егер тарихты білсеңіздер.

Менің өте таңқалғаным, қазақты қазақ жерден алып, жерге салып жатыр. Мен Тұрсынбекті өмірімде көрген емеспін, танымаймын ол кісіні. Тек теледидар арқылы ол кісінің өнерін білем, өнерін сыйлаймын. Адамды соншалықты жермен-жексен қылу жараспайды. 

Ол менің қазақ бауырым. Ол менің мұсылман бауырым. Комментарийлерді көріп, Тұрсынбеккке аным ашып кетті…

"Оян, Қазақ!" дейміз. Ояну керек. Мұндай көреалмаушылықты қою керек…", деп видео жүктеді. 

 

 

Соңғы жаңалықтар