"Түсік тастады": Алматы полициясынан зорлық-зомбылық көрген жүкті қыз баласынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Түсік тастады": Алматы полициясынан зорлық-зомбылық көрген жүкті қыз баласынан айырылды

"Түсік тастады": Алматы полициясынан зорлық-зомбылық көрген жүкті қыз баласынан айырылды

Жапа шеккен жас бойжеткен түнде күйзеліске шыдамай, суицид жасаған көрінеді. Оның күйеуі жедел жәрдем шақырып, алғашқы көмек көрсетілді.

  • 20 Қаңтар 2022
  • 1399
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Сұмдық мәліметті  Немолчиkz қоры Facеbook-тегі парақшасында жариялады. 

Бұған дейін аталған қор өкілдері әлдебір жас қыздың шағымданғанын айтқан жазба жариялады. Онда Бостандық аудандық полиция басқармасына түсінік алу мақсатында жеткізілген бойжеткенді зорлаймыз деп қорқытқан, қабырғасынан ұрған. Ол азапқа шыдай алмай, жасамаған қылмысты мойнына алған көрінеді.

Жәбір көрген қыз бірнеше мәрте азаптауды тоқтауды сұрады. Өзі қатерлі ісік ауруына шалдықан, қалқанша безінің қатерлі ісігі бар екен. Бірақ оның сөзін ешкім тыңдамаған, оған бір ешкім су да бермеген. Адвокатқа қоңырау шалуға да рұқсат берілмеген көрінеді.