Сырттай нәзік те сұлу, инабатты да ибалы көрінетін Меденованың ролі мұнда өз табиғатына кереғар. Себебі, видеода әнші еркекшора қыздар секілді ер адамды қорқытып жатады. Жұлынып, қолаң шашын оңды-солды лақтырып тұрған оны кенет камера краны қағып кетеді. Абырой болғанда, Меденова бұрылып, соққы қатты тимейді, деп жазды sn.kz
Әнші сондай-ақ түсірілім алаңында қолын да ауыртып алыпты.
«Түсірілім кезінде менің қолымнан басқа ешкім зардам шеккен жоқ. 10-дубльде қолым ісіп кетті. Түсірілімнен бас тарттым», — деп жазды Меденова.
Айта кетейік, бұл жақында ғана жарыққа шыққан Тәтті дауыс» деп аталатын бейнебаяның түсірілімі.