Өрт бір сағаттан кейін ауыздықталды. Онымен күреске ҚР ТЖМ Маңғыстау облыстық ТЖД-гі өрт сөндіру қызметінің 21 адам мен 5 техникасы жұмылдырылды. Өрт сөндіру бөлімшесінің келуіне дейін қатты түтіндеу салдарынан ғимараттан шамамен 600 адам кетуге мәжбүр болды, соның ішінде қызметкерлері де бар. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бұдан басқа, Ақтөбе қаласында кеше кешке құрылыс вагоншасында өрт болды. Онымен күреске ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық ТЖД-гі өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 2 техника бірлігі жұмылдырылды. Өртті сөндіру кезінде есімі анықталмаған адамның мүрдесі табылды.