Жарияланды: 360

Тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін қарыздары Т8,32 млрд құрайды

30 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының коммуналдық қызметтер үшін қарыздары Т8,323 млрд құрады,деп мәлім етті ҚР құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Серік Нокин.

«Әкімдіктер коммуналдық қызметтер үшін қарызды азайту жұмыстарын жалғастыруда. 30 мамырдағы жағдай бойынша, қарыз сомасы Т8,323 млрд құрады. Өткен айда қарыз көлемі Т421 млн-ға азайды», - деп мәлім етті ол сейсенбі күні үкіметтегі селекторлық кеңесте. С. Нокиннің ақпаратына сәйкес, барлық аймақтарға қарызды төмендету, қажет болса сот арқылы өндіріп алу жұмыстарын жалғастыру бойынша қосымша шаралар туралы ұсыныстар жіберілді. «Аймақтық әкімдіктерге қарызды төмендету бойынша Жамбыл облысының тәжірибесін пайдалану ұсынылды. Бұл әкімдік сот органдарын тартудан басқа, кассалық қызмет көрсетуді жақсарту, қарызды бөліп төлеу туралы келісімге отыру, өсімақыны есептен шығару акциясын өткізу сияқты жұмыстар жүргізіп отыр. Абоненттерге «Қазақтелекоммен» келісім арқылы айына 2-3 рет, сағат 19 бен 22-інің аралығында қоңырау соғылады, бұл шарамен 7 мың абонент қамтылады. Берешектері бар азаматтардың бұл мәселесі жұмыс орны бойыша да шешіліп жатыр», - деді С. Нокин.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть