Тұяқбайдың пайымдауынша, Қазақстан демократиялық күштерін үйлестіру кеңесінің төрағасы болып сайлануы оның алдағы президент сайлауында оппозициядан ұсынылатын біртұтас үміткер екенін білдірмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұяқбайдың пайымдауынша, Қазақстан демократиялық күштерін үйлестіру кеңесінің төрағасы болып сайлануы оның алдағы президент сайлауында  оппозициядан ұсынылатын  біртұтас үміткер екенін білдірмейді

Тұяқбайдың пайымдауынша, Қазақстан демократиялық күштерін үйлестіру кеңесінің төрағасы болып сайлануы оның алдағы президент сайлауында оппозициядан ұсынылатын біртұтас үміткер екенін білдірмейді

Жармахан Тұяқбайдың Қазақстан демократиялық күштерін үйлестіру кеңесінің төрағасы болып сайлануы оның алдағы президент сайлауында оппозициядан ұсынылатын "біртұтас үміткер екенін білдірмейді". Бұл туралы бүгін, 7-желтоқсанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР парламенті мәжілісінің бұрынғы төрағасы мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Желтоқсан 2004
  • 368
Фото - Caravan.kz

«Менің бұл лауазымға тағайындалуымның тасасында ешбір астыртын себеп жоқ»,- деді Ж.Тұяқбай.

«Біртұтас үміткерді ұсыну -болашақтың ісі»,- деді Ж.Тұяқбай. Ал «үміткерлерге келсек, оған лайық адамдар аз емес»,- деді ол.
Ж.Тұяқбай қазан айында «Отан» партиясынан шығатынын мәлімдеп, мәжіліс депутаттарының сайлауында жеңіп алған мандаттан бас тартқан. Қараша айында мәжілістің бұрынғы төрағасы Қазақстанның демократиялық күштерін үйлестіру кеңесінің құрамына енді. Кеше, 6-желтоқсанда ол Қазақстан демократиялық күштерін үйлестіру кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Қазақстанның демократиялық күштерін үйлестіру кеңесі «Ақ жол» демократиялық партиясы, Коммунистік партия мен «Қазақстанның демократиялық таңдауы» партияларының бастамасымен құрылған. Кеңеске бірқатар қоғам қайраткерлері енді. Сондай-ақ, «Ауыл» партиясы бақылушы ретінде біріккен.
Оппозиция 2006-жылғы президент сайлауында біртұтас үміткердің атын ұсынатынын мәлімдеді.

Перейти к новостям спорта