Туыстары Әблязовтің босап шыққанын хабарлады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Туыстары Әблязовтің босап шыққанын хабарлады

Туыстары Әблязовтің босап шыққанын хабарлады

Қашып жүрген қазақстандық банкир Мұхтар Әблязовтің туыстары мен таныстары әлеуметтік желілерде оның Францияда босап шыққанын жазып жатыр

  • 10 Желтоқсан 2016
  • 1048
Фото - Caravan.kz

Қашып жүрген қазақстандық банкир Мұхтар Әблязовтің туыстары мен таныстары әлеуметтік желілерде оның Францияда босап шыққанын жазып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нақтырақ айтсақ, БТА Банкінің экс-басшысының бостандыққа шыққаны жайлы бизнесменнің қызы Мадина Әблязова, Facebook желісінде Әблязовтің қарындасы Қарлығаш Әблязова мен Алматының Швейцарияға қашып кеткен экс-әкімі Виктор Храпуновтың ұлы Ілияс Храпунов та жазды.

Айта кетейік, кеше, 9 желтоқсанда Францияның Мемлекеттік кеңесі Мұхтар Әблязовті Ресейге экстрадициялау туралы қаулының күшін жойды. Тұтқындалған бизнесменді Ресейге беру туралы жарлыққа елдің премьер-министрі Мануэль Вальс 2015 жылдың қыркүйегінде қол қойған болатын, алайда Әблязовтің адвокаттары апелляциялық шағым түсірген еді.

"Әблязовтің экстрадициясы саяси мақсаттарда сұралған деуге негіздер бар немесе осыдан оның саяси жағдайы нашарлауы мүмкін", — деп мәлімдеді Мемкеңестің отырысында баяндама жасаған адам.

AFP мәліметінше, Мемкеңес мұндай қадамға бұған дейін бір-ақ рет барған. Ол кезде испан оппозиционерін Франко билігі сұраған болатын. 


Еске салайық, қазақстандық БТА Банктің бұрынғы басшысы Әблязов 2013 жылдың шілдесінде француздың Альп тауларында ұсталып, содан бері Париждің оңтүстігіндегі Флери-Мерожи коммунасындағы абақтыда жатқан. Ол бірқатар қылмыс жасады деп айыпталды, сол айыптардың ішінде алаяқтық, құжаттарды қолдан жасау, өкілеттікті теріс мақсатта пайдалану баптары болған. Ал оның келтірген жалпы шығыны бірнеше миллиард долларға бағаланған.

Әблязовтің банк басшылығындағы қызметі Ресейде, Қазақстанда және Украинада қылмыстық қудалауға ұшырады, алайда экс-банкирді Ресей мен Украина ғана сұрап отыр, себебі Астана мен Париж арасында экстрадиция туралы келісім жоқ. Әблязовқа қатысты іс 2009 жылы қозғалған еді, содан бері ол Қазақстаннан қашып кетіп, көп уақыт бойы Ұлыбританияда өмір сүрді, кейін бұл елден де кетуге мәжбүр болды.
 

Соңғы жаңалықтар