Туысының көлігін айдап әкеткен жасөспірім ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Туысының көлігін айдап әкеткен жасөспірім ұсталды

Туысының көлігін айдап әкеткен жасөспірім ұсталды

Ақтөбе облысы Мартөк ауданының Саржансай ауылында жедел ақпарат бойынша айдап әкетілген көліктердің қатарында болған «Дэу-Нексия» көлігі ұсталды.

  • 15 Қаңтар 2013
  • 257
Фото - Caravan.kz

Көлікті 25 жастағы ер адам басқарды, оның ішінде 17 жасар жолаушы отырды. Тергеу алдындағы тексеріс барысында шетелдік көлік кәмелеттік жасқа толмаған бозбаланың туысының көлігі екені анықталды. Жасөспірім туысының жұмысқа кеткенін және көліктің кілтін үйде қалдырып кеткенін пайдаланып, автомобильді айдап әкеткен.

Бұдан басқа, 25 жастағы ер адамның қарақшылық жасағаны үшін іздеуде жүргені, алайда соттан жасырынып жүргені анықталды.

Аталған фактімен «Айдап әкету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде. Жас жігіт уақытша тергеу абақтысына қамауға алынды. Көлік полицияның учаскелік бекетінің тұрағына қойылды.