Көлікті 25 жастағы ер адам басқарды, оның ішінде 17 жасар жолаушы отырды. Тергеу алдындағы тексеріс барысында шетелдік көлік кәмелеттік жасқа толмаған бозбаланың туысының көлігі екені анықталды. Жасөспірім туысының жұмысқа кеткенін және көліктің кілтін үйде қалдырып кеткенін пайдаланып, автомобильді айдап әкеткен.
Бұдан басқа, 25 жастағы ер адамның қарақшылық жасағаны үшін іздеуде жүргені, алайда соттан жасырынып жүргені анықталды.
Аталған фактімен «Айдап әкету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде. Жас жігіт уақытша тергеу абақтысына қамауға алынды. Көлік полицияның учаскелік бекетінің тұрағына қойылды.