"Тұз-дәмің таусылатынына көрінген екен": Актер дүниеден өткен әріптесі Асқар Наймантайовты еске алды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тұз-дәмің таусылатынына көрінген екен": Актер дүниеден өткен әріптесі Асқар Наймантайовты еске алды

"Тұз-дәмің таусылатынына көрінген екен": Актер дүниеден өткен әріптесі Асқар Наймантайовты еске алды

Белгілі актер Бекжан Тұрыс дүниеден өткен өнердегі әріптесі Асқар Наймантаев туралы естелік жазба жариялады.

  • 6 Желтоқсан 2023
  • 46
Фото - Caravan.kz

Ол бұл туралы Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

"Сатиралық мұраларың «Алтын қорда» ғана сақталып қалуға тиіс, құрдасым-ау, сенен осылай айырылып қалам деп ойладым ба?! «Сыныптасым» деп қағытып, «құрдасым» деп қалжыңдап жүретін Асекең – Асқар Наймантаев өзінің әлеуметтік желідегі әрбір жазбасына кейде тіпті қатысым болмаса да мені ілмектеп белгілей беретін. Құдайдың кұдіретін-ай, өмірінің соңғы күндерінде қасында болуды жазды. «Әй, Асқар, сен ештеңені уайымдама. «Бекжан тәуіп» деген Бауыржан аға Қаптағаев қойған атым бар, өзің жақсы білесің. Көресің осыдан, жазам сені. Әлі-ақ еске алып айтып отырамыз осы күндерді», — дегеніме мәз болып күлген едің. Денсаулығыңа араша түсудің қамына кірісіп, дәрігерлермен де келісіп, жанашыр жанның арқасында алғашқы қажетке жаратар қаржыны да тауып қойғанда бақиға бет бұрып кете бердің, құрдасым-оу… Күйікке толы күрсініс, өзек толы өкініш, өкпеде өксік, қабырғам сөгіліп, жаным езіліп тұр…

Сенен айырылып қалдық. Өкініші көп дүние-ай! Тура бүгін Жер-бесігіңе бөлеп қайттық… Түнеріп тұрған күн сені жерлеп болған соң-ақ себелей бастады. Өзіңді қимаған жандардың өксігі ме, жаңбыр тамшысына айналған, әлде топырақ қасынан бұйыртқанына анаңның көктен жаудыртқан алғысы ма, Құдайдың құдіретіне шек жоқ қой.

Қайсыбірін айтайын, аудандағы театрдың бутафоры да, режиссері де, костюмері де, гримері де өзің болдың. Жанталасып жүретінің тұз-дәміңнің ерте таусылатынына көрінген екен ғой… Сенбі күннен бері сені соңғы сапарыңа шығарып салудың қамымен жүріп, өзіңмен іштей сырласа бастаппын. «Бес бойдаққа бір тойдағы» Қырманбай-мүттәйіміңнің «Қарадала» театры актерлерімен бірге ойнағанын қатты қалаған едің, әттең-ай!" деп жазды актер.