Әнші кішкентай кезінде құрбыларымен бірге егістіктен жүгері мен құлпынай ұрлағанын еске алды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы.
"Бұл менің тауларым. Осы таулардың бөктерінде туып өстім. Көптеген қызықты оқиғалар осы жерде өтті. 5 жасымнан қалада оқысамда жаз бойы осы жерлерді шарлайтынбыз. Әлі есімде ауылда колхоз-Алматы деген үлкен ұжым болған және сол жерде әкем ағаш шебері, одан күзетші болып жұмыс істеген. Ал мемлекетімізде өзгеріс басталғансоң әке-шешем саудаға кетті.
Үйдің жанында алма бақтары болатын. Алма бақтың қоршауына иіріліп өскен жабайы ежевиканы теріп, базарға апарып сатып, сол ақшаға өзімізге керекті заттарымызды сатып алған кездер-ай. Үлкен алқаптарда құлпынай, жүгері, қияр өсіретін. Кімнің меншігінде болғаны есімде жоқ бірақ біз сол жерден жүгері мен құлпынайды достарымызбен ұрлайтынбыз. Сосын үйге әкеліп үлкен қазанға салып пісіреміз. Өз басым жүгері алқабынан қатты қорқатынмын. Бірніші себеп — ол жердің күзетшісінде болды. Оның тұзды оғы бар мылтығы болатын. Сол оқ кімге екені есімде жоқ бірақ ауылдасымыздың тура жанбасына тиген деген сыбыс бар еді. Ал екінші себебі сол кездері өте танымал “Дети кукурузы” деген киноны көріп алғам. Кинода болған оқиға тура біздің полямызға ұқсайтын жерде өтетін" , — деп жазды Салтанат Бақаева Instagram-да