Түзету мекемесінде жоспарлық тексеру өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түзету мекемесінде жоспарлық тексеру өтті

Түзету мекемесінде жоспарлық тексеру өтті

24 маусымында Ақмола облысы Гранитный кентіндегі ЕЦ-166/25 түзету мекемесінде Ақмола облысы прокуратурасының тікелей бақылаушы органдары тәртіп бұзушылықты анықтау, ескерту және алдын алуға бағытталған жоспарлы алдын алу және іздеу шараларын өткізді.

  • 27 Маусым 2011
  • 354
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыс нәтижесінде 137 ұялы телефон, 64 байланыс карталары, 10 литрден астам спирттік ішімдіктер, 65 мың теңгеден астам ақша, сонымен қатар көптеген адам денесін кесіп өтетін заттар тәркіленді.

Мекеме қызметкерлерінің талаптарына қарсылық білдірген және өз денелеріне зақым тиігізіп, тәртіпсіздік ұйымдастыруға талпынған бір топ сотталушыларға кісен салынды.

Мекеме ішкі тәртіп ережелеріне сай белгіленген кесте бойынша жұмыс істейді.

Сотталушылардан тәркіленген ұялы телефондардағы қоңыраулар мен SMS-хабарламаларды оқу барысында, сотталушылардың өздерін тәртіп сақшылары деп атайтын жеке тұлғалармен тығыз байланыста болғандығы анықталды. Осы материалдар процессуалды шешім шығару үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар