Тверь облысында Ржев-Вяземск шайқасының мұражайы құрылып, бір экспозиция Қазақстанға арналады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тверь облысында Ржев-Вяземск шайқасының мұражайы құрылып, бір экспозиция Қазақстанға арналады

Тверь облысында Ржев-Вяземск шайқасының мұражайы құрылып, бір экспозиция Қазақстанға арналады

Тверь облысының Ржев қаласында Ұлы Отан соғысы (ҰОС) кезіндегіРжев-Вяземскоперациясына арналған мұражай құрылады. Бір экспозиция Қазақстанға арналады, деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 24 Маусым 2011
  • 424
Фото - Caravan.kz

«Ржев-Вяземсксоғыс операциясы «Марс» құпия атауымен қалың жұртшылыққа аса белгілі емес, өйткені ұзақ жылдар бойы құпия сақталып келді, сол кездегі қырғын шайқастардың жаңа парақтары енді ашылып отыр. Мұражай халықаралық қатысумен федералдық деңгейде құрылады. Жоспарланып отырған экспозициялардың біреуі Қазақстанның жеңіске қосқан елеулі үлесіне арналады», — делінген СІМ-нің ақпаратында.

Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшісі Зауытбек Тұрысбеков пен Тверь облысы губернаторының м.а. Андрей Шевелев «бұл жоба «Нұр Отан» және «Единая Россия» партияларының бақылауымен жүзеге асырылады».

Сондай-ақ, 22 маусымда – Ұлы Отан соғысының басталғанына 70 жыл толған күні – З. Тұрысбеков Тверь облысындағы Ржев қаласының мемориалдық кешенінде 1054 кеңестік жауынгер мен офицерлердің сүйектерін қайта жерлеу рәсіміне қатысты. «Рәсімге қатысқандар бауырластар зиратына, Алматы және Ақтөбе қалаларында жасақталған 100-ші және 101-ші жеке атқыш бригадаларының жауынгерлерінің мемориалына гүл қойды», — делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, З.Тұрысбеков Ржевтегі №5 орта мектепте болды, оған биыл 100-ші және 101-ші атқыш бригадаларының аты берілген болатын. Елші мектеп басшылығына елшілік оқу мекемесіне мектепте қазақстандық жауынгерлердің Ржев жеріндегі батырлығына арналған мұражай құруда қолдау көрсететінін айтты.

Соңғы жаңалықтар