Тверь қаласында Қазақстанның ІІМ командасы бокстан матчтық кездесуде ресейлік споршыларды жеңіп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тверь қаласында Қазақстанның ІІМ командасы бокстан матчтық кездесуде ресейлік споршыларды жеңіп кетті

Тверь қаласында Қазақстанның ІІМ командасы бокстан матчтық кездесуде ресейлік споршыларды жеңіп кетті

Өткен сенбі күні Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің командасы бокстан матчтық кездесуде Ресей ІІМ командасын 5:3 есебімен жеңіп кетті.

  • 13 Қыркүйек 2010
  • 441
Фото - Caravan.kz

Ресей ІІМ мен Қазақстан ІІМ командаларының құрамында екі елдің құрама командаларының боксерлері болды. Сайысты Ресейдегі ҚР Елшілігінің көмегімен РФ ІІМ Бокс Федерациясы ұйымдастырып отыр. Байрақты бәсеке Тверь қаласының «Оңтүстік» спорт кешенінде өтті.

Матчтық кездесуге Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков, РФ Мемлекеттік думасының депутаты Владимир Васильев, сондай-ақ қала және облыс әкімшілігінің өкілдері қатысты.

«Бұл — осы спорт түрі бойынша алғашқы кездесуіміз. Біз спорт желісі бойынша ынтымақтастығымызды бұрыннан-ақ қалыптастырып үлгергенбіз, полиция қызметкерлері арасындағы халықаралық жарыстар жиі ұйымдастырылып отырады. Қазақстан спортшылары ылғи да жоғары көрсеткішке қол жеткізеді деп айтар едім. Сондықтан, осы матчқа деген қызығушылық та зор болды. Кездесуді ұйымдастырушылардың барлығына, әсіресе, осы кездесудің өтуімен айналысқан Ресейдегі Қазақстан елшісіне үлкен алғысымды білдіремін», — деді В. Васильев.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера