Насырбекова ақыры «раушан исі шығатын» Аленамен құдағи болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Дүркіреген тойдың видеолары әлеуметтік желіде тарады.
Журналист Жанна Алпысбаеваның жазуынша, соттан кейінгі шудан кейін той өтпей қалған жоқ.
Еске салсақ, блогер Бишімбаев ісі бойынша жауап берген еді. Ол сол қайғылы оқиға күні ресторанға келіп, Бишімбаевпен вип бөлмеде бірнеше сағат бойы сөйлесіп отырған. Одан бөлек, құрбысын шақыртып, алкоголь ішкен. Ал сол сәтте көрші кабинкада марқұм Салтанат Нүкенова қиналып жатқан.
24 жылға сотталған Бишімбаевқа ол «сенен раушан иісі аңқиды» деген хабарлама жіберген. Насырбекова бұл тіркесті өзінің құдағиы Аленаға жазам деп, шатасып Бишімбаевқа жазып жібергенін айтып ақталған.
Желі қолданушылары блогердің сөзінің түп-төркіні басқа деп, түрлі болжам жасаған. Ол қалайша Қуандық пен Құдағи деген сөзді ажырата алмаған деп сенбеді.