"Тым құрыса, ақылдасып айтыңдаршы құрысын": Мөлдір Анарбаева "ақыл айтқыш" коучтар мен психологтар туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тым құрыса, ақылдасып айтыңдаршы құрысын": Мөлдір Анарбаева "ақыл айтқыш" коучтар мен психологтар туралы

"Тым құрыса, ақылдасып айтыңдаршы құрысын": Мөлдір Анарбаева "ақыл айтқыш" коучтар мен психологтар туралы

Танымал блогер, журналист Мөлдір Анарбаева халыққа "ақыл айтқыш" коучтар мен психологтарды сынға алды.

  • 10 Қыркүйек
  • 156
Фото - Caravan.kz

Ол өзінің желідегі парақшасында әзіл-шыны аралас видео жүктеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Осы күні не істерімізді білмей қалдық. Ертеңіне жоспары жоқ адам, өлген адаммен тең дейді. Ал, біреуі айтады, жоспар дегеннің қажеті жоқ, күнделікті өмірмен өмір сүр дейді. Не болады, сол бола берсін, ертең өлесің бе, тірі қаласың ба, құдай біледі дейді. Шашып, ішіп-жеп, өміріңді сүр деп отыр, сондай кімді тыңдаймыз? Бұлар ертең мыналарға не айтамыз деп оянады ғой деймін?

Ақылдасып айтсаңдаршы құрсын. Біреуің бүгінмен өмір сүр дейсің, енді біреуің ертеңіңді ойла, дейсің. Тыңдамайық десек жалмаң етіп алдымыздан шыға келесіңдер. Бір ұйықтайық десек мазаны алып не жатқызбайсыңдар одан кешке дейін аласұрып өлетін болдық. Бір күні көшеде талып қалмасақ болды», — деді блогер.