Жарияланды: 2600

Тың игеру науқанына қатысқан Ақтөбелік өкілдер тың және тыңайған жерлерді игерудің 50 жылдық мерейтойын атап өту үшін Астанаға аттанды

Бүгін, 2-ақпанда Қазақстанда тың игеріле бастауының 50 жылдығына орай ақпанның 5-6-жұлдызында Елордасында өтеді деп межеленген мерейтойға қатысу үшін облыстық және қалалық ауылшаруашылығы департаменттері мен Ақтөбелік алғашқы тың игерушілерден құралған 66 адамы бар өкілдер тобы Астанаға аттанып кетті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Облыстық өлкетану мұражайының жетекші маманы Роза Балдығаринаның айтуынша, "50-ші жылдары Ақтөбе облысының барлық ауданында тың игеру науқаны жүргізілді. Сол тұста бұл облыста 337 колхоз және совхоздар құрылды". Тұтастай алғанда осы кезеңде 50 млн. гектардан астам тың жерлер игерілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін