Әзірше атауы тағайындалмаған кітап екі тілде 10 мың данамен жарық көрмекші.
Отырыста бұл жобаны қаржыландыру мәселесі де талқыланды. Кітапты басып шығаруға облыстың барлық ауданы қаржы бөлетін болып келісілді. Осы мақсатпен облыстық мәдениет департаментінде арнаулы есепшот ашылды. Редколлегия құрамы Қ.Есімхановтың басқаруымен бекітілді.