"Түнімен ұйықтамайды, шошып оянады": Астанада автобус апатынан кейін қос аяғынан айырылған бүлдіршіннің анасы билікке жанайқайын жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.55
  • 596.03
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Түнімен ұйықтамайды, шошып оянады": Астанада автобус апатынан кейін қос аяғынан айырылған бүлдіршіннің анасы билікке жанайқайын жеткізді

"Түнімен ұйықтамайды, шошып оянады": Астанада автобус апатынан кейін қос аяғынан айырылған бүлдіршіннің анасы билікке жанайқайын жеткізді

Астанада автобус апаты орын алып, он екі адам сол күні зардап шеккен болатын.

  • 9 Маусым
  • 48
Caravan.kz

Олардың қатарында қос аяғынан айырылған сегіз жастағы Алуа Бекен де бар, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы журналист Гүлбану Әниятқызы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Автобус апатынан кейін екі аяғынан айырылған 7 жастағы Алуа Бекен.
Кішкентай қыз келесі айда 8-ге толады екен. (Суреттерді анасы жіберді) Бүгін анасымен сөйлестім. “Алуа түнімен ұйықтамайды, шошып ояна береді. Автобус апаты болғанын енді есіне түсірді” дейді. 

“Әкімдік пен автопарк өкілдері психолог әкеліп, Алуаға коляска беріп көмектесіп жатыр. Сақтандырумен қашан, қанша өтемақы берілетінінен хабарым жоқ” деп отыр. 

Төрт бала Астанада, әжесінің қолында. Анасы жұмыстан шығып кеткен, Алуаның қасында. (Кешегі жазбамда зардап шеккен отбасы жайлы толық ақпарат бар) 

Қиналып отырған отбасыға көмек әлі де керек. 

Көмектесемін десеңіз Алуаның анасының каспи нөмірі: 7 702 029 38 18 Махабат Т деп шығады. 
Карта: 4400 4303 0919 8254. Көмектескен, жазбаны таратқан жандарға Алла разы болсын», — деп жазды журналист.