"Тыр жалаңаш жүр": Өскеменде қолына 6 айлық баласымен көшеде жалаңаш жүрген әйел елді шошытты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тыр жалаңаш жүр": Өскеменде қолына 6 айлық баласымен көшеде жалаңаш жүрген әйел елді шошытты (ВИДЕО)

"Тыр жалаңаш жүр": Өскеменде қолына 6 айлық баласымен көшеде жалаңаш жүрген әйел елді шошытты (ВИДЕО)

Көшедегі көліктердің жанында айғай-шу шығарып жүрген тыр жалаңаш әйелдің қолында алты айлық баласы болған

  • 28 Қазан 2020
  • 370
Фото - Caravan.kz

Өскемен тұрғындары қолына кішкентай нәрестесін ұстап көшеде жүрген әйелді видеоға түсіріп алған. Әйелдің өзі де, баласы да тыр жалаңаш, деп жазады Caravan.kz порталы YK-news.kz.-ке сілтеме жасап. Ал далада ауа температурасы он градус қана.

Видеодан тыр жалаңаш әйелдің көшеде бағдаршамға тоқтаған көліктердің жанында жүргенін көруге болады. Басылымның хабарлауынша, жүргізушілердің бірі оны көлігіне отырғызады, бірақ әйел айғайлап, адамдарды көмекке шақыра бастайды. Біршама уақыттан кейін оқиға орнына полицейлер келеді.