Түркияда туристер мінген кеме өртенді (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда туристер мінген кеме өртенді (ВИДЕО)

Түркияда туристер мінген кеме өртенді (ВИДЕО)

17 адам зардап шекті.

  • 19 Шiлде
  • 8
Фото - Caravan.kz

Мармарис жағалауында туристік кеме өртенді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Eagles туристік кемесіндегі өрттің салдарынан 96 жолаушы мен алты экипаж мүшесі эвакуацияланды. Оқиға салдарынан 17 адам зардап шекті: 14 адам жеңіл жарақат алды, үшеуі ауыр жағдайда», — деп хабарлады Түркия Көлік министрлігі жанындағы Теңіз басқармасы.

Жиырма метрлік ағаш кеме сағат 16.00-де өртенді.

БАҚ-тың хабарлауынша, шетелдік туристер жанып жатқан кемеден секірген, жақын маңдағы яхталар, кемелер мен жағалау күзетінің экипаждары оларды құтқарған. 

Өртенген кеме суға батып кетті, оқиғаны тергеу басталды.