Түркістан қаласына іссапар: музей қызметінің жаңа әдістерімен танысу - kaz.caravan.kz
  • $ 511.92
  • 588.91
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан қаласына іссапар: музей қызметінің жаңа әдістерімен танысу

Түркістан қаласына іссапар: музей қызметінің жаңа әдістерімен танысу

2024 жылдың 28 қазан – 1 қараша аралығында Музей-көрме қызметінің қызметкерлері Ж.К. Нұрлыбаев пен Е.Ғ. Хұсайын Түркістан қаласының музейлеріне қызметтік барды.

  • 5 Қараша 2024
  • 6011
ФОТО: fnn.kz

Сапардың мақсаты – экспозициялық және реставрациялық қызмет саласында тәжірибе алмасу, жаңа әдістермен және технологиялармен танысу.

Іссапар барысында келесі мекемелердің қызметімен танысты:

    • «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы;

    • Түркістан қаласының тарихи музейі;

    • «Ұлы дала елі» орталығы.

Музей-көрме қызметінің қызметкерлері экспозициялық-көрме қызметі бойынша жұмыс тәжірибесімен, музей заттары мен экспозицияларды ұсыну әдістерімен, сондай-ақ музей заттарын сақтау, қалпына келтіру және консервациялау ережелерімен танысты. Сапар аясында өңірдің музейлерінде қолданылатын озық тәжірибелер зерделеніп, мәдени мұраны сақтау мен таныстырудың өзекті мәселелері талқыланды.