Түркістан қаласының дизайн-коды бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 506.21
  • 568.42
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан қаласының дизайн-коды бекітілді

Түркістан қаласының дизайн-коды бекітілді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР Заңының

  • 28 Сәуiр
  • 6
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты шешім қабылдады. Түркістан қаласының дизайн-коды осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілді. 

-Дизайн-код — бұл қалалық кеңістік элементтерінің міндетті визуалды құрамдас элементтерін реттейтін талаптар жинағы: ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттері, абаттандыру, маңдайшалар, нұсқағыштар, шағын сәулет нысандары және біртұтас эстетикалық сәулетті, жайлы, қолжетімді және қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған қалалық инфрақұрылымның элементтері, — делінген құжатта.

Сондай-ақ, дизайн код сәулет-ландшафт ортасын қалыптастыру, көшелердің, магистралдардың, туристік маршруттардың, қаланың басқа аумақтарының сыртқы көрінісі тұжырымдамасын безендіру және абаттандыру элементтерін орналастыру талаптарын, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін безендіру талаптарын қамтитындығы айтылған.

Тарихи орталықтың шекараларында, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарында барлық қала құрылысы объектілері мен олардың сипаттамалары, мәдени және тарихи құндылығы сақталуы тиіс.

-Дизайн код Түркістан қаласының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар мен барлық меншік нысанындағы ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді, жайлы және қауіпсіз қалалық ортаны, аумақтық жоспарлаудың негізгі модельдерін және жоспарлау құрылымын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды қалыптастыруға бағытталған, — делінген мәслихат шешімінде.