Түркістан облысында 271 млн теңге көлемінде заңсыз субсидия алынған - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында 271 млн теңге көлемінде заңсыз субсидия алынған

Түркістан облысында 271 млн теңге көлемінде заңсыз субсидия алынған

Түркістан облысында мал шаруашылығын қолдауға арналған мемлекеттік субсидияларды жаппай ұрлау фактісі анықталды

  • 19 Мамыр
  • 6
ФОТО: pixabay

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысының прокуратурасы «Сауран ауданының ветеринария бөлімі» ММ ветеринариялық станциясының қызметкерлеріне қатысты мал шаруашылығын субсидиялауға бөлінген аса ірі көлемдегі мемлекеттік қаражатты жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеу барысында Оранғай және Жаңа Иқан ауылдық округтерінің ветеринарлары мен бөлім меңгерушілері «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесіне шын мәнінде жоқ ұсақ және ірі қара мал туралы жалған деректер енгізгені анықталды. Осылайша, 31 шаруа қожалығы атынан 271 млн теңге көлемінде заңсыз субсидия алынған.

Қылмыстық іске байланысты Түркістан облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы №41590 әскери бөлімнің бір сержанты мен үш ветеринарды, сондай-ақ бөлім меңгерушісін күдікті деп таныды.

Тергеу нәтижесінде күдіктілердің 19 млн теңге көлеміндегі залалды ішінара өтегені белгілі болды. Сонымен қатар олардың жалпы құны 120 млн теңге болатын мүлкіне тыйым салынды.

Қазіргі уақытта бұл іс бойынша сот процесі жалғасуда.