Түркістан облысында 280 мың құсқа арналған фабрика іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.81
  • 596.27
+37 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында 280 мың құсқа арналған фабрика іске қосылады

Түркістан облысында 280 мың құсқа арналған фабрика іске қосылады

2025 жылы облыста жалпы құны 16,4 миллиард теңгені құрайтын 13 ірі инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр

  • 16 Маусым
  • 2
ФОТО: Пресс-служба Минсельхоза Казахстана

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сауран ауданы Шаға ауылдық округінде 2025 жылы ет өндіретін заманауи құс фабрикасы іске қосылады, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.

«Eco-Chiken» ЖШС кәсіпорнына 2,5 млрд теңге инвестиция құйылды. Нысан 280 мыңға дейін құс ұстауға арналған.

Ведомство мәліметінше, жоба облыстың агроөнеркәсіп кешеніндегі ең ірі нысандардың біріне айналады.

«Кәсiпорын толық қуатқа шыққаннан кейiн облыс iшiндегi сұранысты қанағаттандырып қана қоймай, республика бойынша жоғары сапалы құс етін жеткiзiп, Қазақстан нарығына шығуға мүмкiндiк алады деп жоспарланып отыр», — деп хабарлады министрлiктегілер.

Бұл жоба Түркістан облысы Сауран ауданын дамытудың кешенді бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Мұнда 2025 жылы барлығы 16,4 миллиард теңгені құрайтын 13 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады.