Түркістан облысында ішімдіксіз ауылдар саны 70-ке жуықтаған - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында ішімдіксіз ауылдар саны 70-ке жуықтаған

Түркістан облысында ішімдіксіз ауылдар саны 70-ке жуықтаған

Былтырдың өзінде ішімдіксіз ауылдар саны 30-ға жеткен

  • 4 Желтоқсан
  • 2
ФОТО: Sputnik.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысында ішімдіксіз ауылдар саны 70-ке жуықтаған, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Түркістан облысында «Ішімдіксіз ауыл» бастамасы аясында алкоголь өнімдері мүлдем сатылмайтын ауылдар саны жыл сайын артып келеді.

Былтырдың өзінде ішімдіксіз ауылдар саны 30-ға жеткен. Оның ішінде, Ордабасы мен Мақтарал аудандарынан 5 ауыл, Келес ауданында – 4, Сайрам ауданында – 3, Қазығұрт, Төлеби және Сауран аудандарында – 2, Отырар, Жетісай және Арыс аудандарында түгелдей бір ауыл тұрғындары спирттік ішімдіктерді сатудан бас тартқан.

«Ал, биыл ішімдіксіз ауылдар саны 66-ға жектен. Солардың бірі — Түлкібас ауданындағы Еңбек ауылы. Жалпы 131 үйі, 1 мыңнан аса тұрғыны бар елді мекенде соңғы 3 жылда алкоголь өнімдері мүлдем сатылмайды, ал соңғы 2 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген», — деп жазылған хабарламада.

Бүгінде ауыл тұрғындары той-мерекелерді де ішімдіксіз өткізуді дәстүрге айналдырып, қоғамға үлгі боларлық орта қалыптастырған.

Перейти к новостям спорта