Түркістан облысында үш медициналық нысан пайдалануға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.16
  • 588.48
+9 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында үш медициналық нысан пайдалануға берілді

Түркістан облысында үш медициналық нысан пайдалануға берілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында Сайрам ауданы, Құтарыс ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.

  • 17 Желтоқсан 2024
  • 14
ФОТО: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Облыста 2024 жылы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының құрылысы жүргізілді. Оның ішінде Сайрам ауданына 3 нысан қаралды.

«Бүгін облыста биыл салынған 49 дәрігерлік амбулаторияның алғашқысының ашылу салтанатына қатысып отырмыз. Өңірде ұлттық жобадан тыс, облыс және инвесторлар қаржысы есебінен 6 нысанның құрылысы іске асырылды. Осы нысандар арқылы ауылдар мен елді мекендердің 90 мыңнан астам тұрғыны медициналық көмекпен қамтылады, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

5 мыңға жуық тұрғыны бар ауылдағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетіледі. Медициналық мекемеде жалпы тәжірибелі дәрігерлердің қабылдау бөлмелері, әйелдер бөлмесі, күндізгі ем қабылдау, емдік дене шынықтыру, екпе егу, ем-шара, сүзгі бөлмесі бар, сонымен қатар медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті құрылғылармен жабдықталған.

Биыл Түркістан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жалпы 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салу жоспарланған.