Түркістан облысында заңсыз аң аулаған шетел азаматтары ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында заңсыз аң аулаған шетел азаматтары ұсталды

Түркістан облысында заңсыз аң аулаған шетел азаматтары ұсталды

Мемлекетке келтірілген шығынның көлемі 1 миллиард теңгеден асады

  • 14 Мамыр
  • 6
© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Күдіктілерден 382 ақбөкен мүйізі, 119 томаға, 20-дан астам құс ұстауға арналған тұзақ, 7 рация, аңшылық және пневматикалық мылтық, оптикалық көру құралы, жарықтандырғыш, 15 келіге жуық арқар еті және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Мемлекетке келтірілген шығынның алдын ала есептелген көлемі 1 миллиард теңгеден асады.

Қазір браконьерлік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

«Тәртіп сақшылары Созақ ауданы мен Шымкент қаласы аумағында Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен құстарды заңсыз аулау, сондай-ақ дериваттарды сақтау және сатуға күдікті адамдар тобының қылмыстық әрекетін анықтап, жолын кесті. Жалпы 7 адам ұсталды. Полицияға жеткізілгендердің төртеуі Қазақстан азаматы, ал қалған үшеуі елімізде тұруға ықтиярхаты бар Сирия азаматтары» — делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.