Түркістан облысындағы мақта кластеріне 1400 жұмысшы қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 517.16
  • 588.48
+12 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысындағы мақта кластеріне 1400 жұмысшы қажет

Түркістан облысындағы мақта кластеріне 1400 жұмысшы қажет

Әрбір маманға 300 000 – 350 000 теңге аралығында жалақы беріледі. 

  • 25 Ақпан
  • 8
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Арыс қаласы мен Отырар ауданындағы 32 мың гектар алқапқа мақта кластері құрылады. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар басталып та кетті. Аталған жоба аясында «Алтын Мақта» ЖШС-не 1400 жұмысшы маман қажет.

Атап айтар болсақ, 50 – трактор жүргізушісі, 250 – жүк тиеуші, 300 – дән себу кезіндегі жұмысшылар, 400 – тамшылатып суару жүйесін жалғаушылар, 400 – егістік алқабын бақылаушы керек. 

Әрбір маманға 300 000 – 350 000 теңге аралығында жалақы беріледі. Басқа аудан, қалалардан келетіндерге тұратын жер мен үш мезгіл тамақ қарастырылған. Басты міндетіміз — әрбір жұмыссыз азаматтың тұрақты жұмысқа орналасып, лайықты өмір сүруіне жағдай жасау, – дейді облыстық еңбек мобильді орталығының директоры Абзал Дәулетұлы.