Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Тексеру барысында мақта өңдеу кәсіпорындарының 111 шаруа қожалығымен толық есеп айырыспағаны анықталды. Жеткізілген өнімге қарамастан диқандарға 344 млн теңге уақтылы төленбеген.
Аталған мәселе облыстық прокуратураның араласуынан кейін ғана шешімін тапты. Қабылданған шаралардан кейін қарыз толық өндіріліп, шаруаларға қайтарылды.
— Нәтижесінде берешек толық өтеліп, шаруа қожалықтарының құқықтары қалпына келтірілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, — деп хабарлады Түркістан облысының прокуратурасы.
Бұдан бұрын түркістандық шаруалар мақта бағасына қатысты наразылық білдірген еді. Олардың айтуынша, мақта өңдеу зауыттары арасында алдын ала сөз байласу болмауы тиіс. Шаруалар әділ бәсекелестік қалыптасып, өз өнімдерін нарықтағы лайықты бағамен өткізуге мүмкіндік берілсін деген ұсыныс айтқан.