2024 жылы тренерлік және спорттық қызметпен айналысқан 278 адамның жалған диплом қолданғаны анықталды, деп жазды Caravan.kz медиа порталы otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның 9-ы — басшы, 248-і — жаттықтырушы және 21-і — басқа да қызметкерлер. Мұны Антикордың ресми өкілі мәлімдеді.
«Мұндай фактілердің басым көпшілігі Түркістан (44), Атырау (30), Алматы (26), Жамбыл (22) және Ақмола (20) облыстарында анықталды. Қабылданған шаралар аясында 250 адаммен еңбек келісімшарттары бұзылды. Қалғандары бойынша жұмыстан босату мәселесі тергеу нәтижелері бойынша шешіледі».Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров