Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
QAZAQ AIR әуекомпаниясы әуе сапарларының қолжетімділігін арттыру және ішкі туризмді дамыту мақсатында 4 қаңтардан бастап Қостанай — Түркістан бағыты бойынша және 13 қаңтардан бастап Қарағанды — Түркістан бағыты бойынша Түркістанға екі субсидияланатын әуерейстерін іске қосты. Сондай-ақ, 13 қаңтардан бастап Астанадан Түркістанға әуе сапарларын бастау жоспарланған.
Қостанай — Түркістан
Рейстер аптасына 2 рет дүйсенбі және сенбі күндері орындалады:
IQ 361 Қостанай (15: 00) — Түркістан (17:20)
IQ 362 Түркістан (17:50) — Қостанай (20: 00).
Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар әуерейстерінің құны бір бағытта 31 000 теңге.
Қарағанды — Түркістан
Рейстер аптасына 2 рет орындалады:
Дүйсенбі күндері:
IQ 441 Түркістан (09:50) — Қарағанды (11:40)
IQ 442 Қарағанды (12:20) — Түркістан (14: 00)
Сәрсенбі күні:
IQ 441 Түркістан (12:10) — Қарағанды (14: 00)
IQ 442 Қарағанды (14:40) — Түркістан (16:40).
Субсидияланатын әуерейстерінің құны бір бағытта 20 000 теңге.
Астана — Түркістан
Рейстер аптасына 2 рет орындалады:
Дүйсенбі күндері:
IQ 369 Астана (07:05) — Түркістан (09: 05)
IQ 370 Түркістан (14:40) — Астана (16:55)
Сәрсенбі күні:
IQ 369 Астана (09:50) — Түркістан (11:40)
IQ 370 Түркістан (17:20) — Астана (19:20).
Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар әуе рейстерінде 14 жасқа дейінгі балаларға әуекомпания 50% көлеміндегі жеңілдік ұсынады.