"Түрлі пиғылда пайдаланып жатқандардікі - сорақылық": Әнші Ақбота Керімбекова ұшақта науқасқа көмектескен министр Әлназароваға араша түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Түрлі пиғылда пайдаланып жатқандардікі - сорақылық": Әнші Ақбота Керімбекова ұшақта науқасқа көмектескен министр Әлназароваға араша түсті

"Түрлі пиғылда пайдаланып жатқандардікі - сорақылық": Әнші Ақбота Керімбекова ұшақта науқасқа көмектескен министр Әлназароваға араша түсті

Танымал әнші Ақбота Керімбекова ұшақта көмекке келген денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға араша түсті.

  • 27 Қараша
  • 35
Instagram/Ақбота Керімбекова

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

Біздің өміріміздің көбі әуеде өтеді. Жердегі жолдың бойы қауіп пен қатерге қалай толы болса, әуенің жолы да солай, тек, айырмашылығы — аспанда уақыт, мүмкіндік аз. Дәл осындай қысылып қалудың талайын көрдік ұшып-қонып жүріп. Құдайға шүкір, бәрінде жақсы адамдар табылады. Мына уақиғаның да соңы немен аяқталары белгісіз еді, егер, ҚР Денсаулық сақтау министрі @akmaralalnazarova дәрігер егендігін ұмытып, таза шенеунікке айналып кетсе…

“Мен министрмін, әрі тұр”, — деп зіркілдемей, “мен дәрігер едім”,-деп жәй ғана ишарат білдіріп, алғашқы көмекке кіріскені көп нәрсені аңғартып тұрған жоқ па?! Жалпы, Әлназарованы мақтайтын, оған жағынатын себеп іздеп жүрген жан емеспін. Бірақ, біздің қоғам қарапайым адамгершіліктің өзін қабылдай алмайды. Егер осы жағдайдың соңы өкінішті болса, “бортта министр отырыпты, міне, біздің медицинаның деңгейі” деп шулар едік.

Ал, енді көмектесті, оны қарапайым сапарлаушы түсіріп алып, желіге салды. Соны басқаша құбылтып әлекпіз келіп. Неге солай? Біздің Қазақтың қыздарының мықтылығы осы — бұның алдында әрнәрсені айтып, итше талап жатқанда да міз баққан жоқ, шаруасын жасай берді. Бұл жолы да сөйтеді деп ойлаймын. Бірақ, біз — қоғам, пайдамызды тигізбесек те, зиянымызды тигізбеуіміз керек қой. Ол дәрігер ғой — адам жанының арашашысы ғой!

Ажалдың алдына түбі бір баратынымыз сияқты, дәрігердің де алдына түбі бір барамыз ғой. Сол кезде, дәрігерлер “ақыры алдыма келдің бе?!”, — деп кеудемсоқтанбас, бірақ, бізді ар дейтін дүние сәл де болса мазалауы керек қой!.. Медицинаның кемшіліктерін айтып, қажып жүргендерді түсінемін, расында, мінсіз емес, көп қателік бар. Бірақ, дәл осы әуе кемесіндегі жағдайды желіден көріп, оны да әртүрлі пиғылда пайдаланып жатқандардікі енді, сорақылық!

Сіз дәл осы әрекетіңізбен бір Қазақтың қызына жәрдем бердіңіз, Министр ханым! “Әр Қазақ — менің жалғызым” дейтін біздің халық үшін бұл да үлкен адамгершілік! Дәл осылай, Қазақстан медицинасы бар Қазақтың қажетіне жарап, алғысына бөлене берсін!», — деп жазды ол.

Перейти к новостям спорта