"Түрмеде арнайы камераларды 1-2 бөлмелі үй сияқты қылып, тұрып жатқан адамдар да бар" - Ринат Зайытов - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Түрмеде арнайы камераларды 1-2 бөлмелі үй сияқты қылып, тұрып жатқан адамдар да бар" - Ринат Зайытов

"Түрмеде арнайы камераларды 1-2 бөлмелі үй сияқты қылып, тұрып жатқан адамдар да бар" - Ринат Зайытов

ҚР Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов оқшаулау мекемелерінде белең алған заңсыздық туралы айтты.

  • 19 Ақпан
  • 211
Qaz365.kz

Бұл туралы ол журналистерге берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Мен әртүрлі оқшаулау мекемелерінде болдым. Түрлі жағдайлармен, танысу мақсатында да. Кейбір оқшаулау мекемелерінде арнайы камераларды өздеріне ыңғайлы етіп жасап алып, 1-2 бөлмелі үй сияқты қылып, тұрып жатқан адамдар да бар. Сотталған шенеунік ет асып, ет жеп отырғанын да көрдік. Бұл біздің түзету мекемелеріндегі бассыздықтың айқын көрінісі. Үстемдікті түзету басшылары кімге бергісі келеді, соған береді. Біреуге үстемдік береді, ал керісінше осыны ашық айтамын деген адамдарды қинайды, азаптайды. Біз оқшаулау мекемелерін тазалауымыз керек», — деді Ринат Зайытов.