Түрмеде кітап оқығандардың жазасы қысқартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-17 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрмеде кітап оқығандардың жазасы қысқартылады

Түрмеде кітап оқығандардың жазасы қысқартылады

Қазақстанға мұндай заң керек пе?

  • 17 Ақпан
  • 15
Фото: pinterest

Өзбекстанда жаңа заң сенаттың қарауына жіберілді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ішкі істер министрінің орынбасары Рамазон Ашраповтың айтуынша, әрбір оқылған кітап пен сәтті тапсырылған емтихан үшін жаза мерзімі 3 күнге қысқартылады.

Алайда, жылына 10 кітаптан артық оқуға және емтихан тапсыруға болмайды. Сонымен қатар қандай кітаптарды оқуға рұқсат етілетінін мемлекеттік үйым анықтайды. Сарапшылар бұл заң сотталғандардың өмірі мен ой-санасына оң әсер береді деп есептейді.

Қазір заң қарастырылып жатыр. Сенат шешім шығарса, ол Президенттің қарауына жіберіледі.

Қазақстанға мұндай заң керек пе? Халықтың пікірі қандай?

«Бишімбаевты екі күнде миллион кітап оқыды деп шығарып жіберер еді».

«Біздікілер сияқты торт пен телефон беріп қойғаннан әлде қайда жақсы».

«Өзбек елі заңмен алға келеді».

«Өз халқын қандай жағдай болса да білімді болсын деп жасап жатқандары дұрыс екен», — деп жазып жатыр халық.

Перейти к новостям спорта