Түрмедегі туған күн: күдіктілерге кеңшілік жасаған 16 адам жұмыстан қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-17 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрмедегі туған күн: күдіктілерге кеңшілік жасаған 16 адам жұмыстан қуылды

Түрмедегі туған күн: күдіктілерге кеңшілік жасаған 16 адам жұмыстан қуылды

СИЗО-да туған күн тойлап, торт әкеліп, тәтті сусын ішкен күдіктілердің қылығы жұрттың жынына тиген еді.

  • 19 Ақпан
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін Шерзат Болатты өлтірді деген күдіктілердің тергеу изоляторында туған күн тойлаған сәті желіге тарап кеткен болатын, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Осы оқиғадан кейін Ішкі істер министрлігі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы изоляторды асты-үстіне шығарған екен.

Нәтижесінде атышулы бейнежазбаны изолятор қызметкері жеке телефонына түсіріп, таратып жібергені анықталды. Ол қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін атағынан айырылып, жұмыстан шығарылған. Сонымен қатар аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Өз міндетіне салғырт қарағаны және тиісті бақылау жүргізбегені үшін басшысы бар, қатардағы қызметкері бар жалпы саны 16 адам жұмыстан қуылды. ИВС бастығы да орнынан алынды», – делінген ресми ақпаратта.

Осы оқиғадан кейін изолятордағы бақылау күшейтіліп, қосымша бейнебақылау жүйесі енгізілген. Бұған қоса елдегі дәл осындай мекемелерде жоспардан тыс тексеріс басталғаны хабарланды.

Перейти к новостям спорта