Тюменьдік дәрігерлер Солтүстік Қазақстан облыстық балалар ауруханасына жасанды қан айналымын қамтамасыз ететін, құны 270 мың долларлық аппарат табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тюменьдік дәрігерлер Солтүстік Қазақстан облыстық балалар ауруханасына жасанды қан айналымын қамтамасыз ететін, құны 270 мың долларлық аппарат табыс етті

Тюменьдік дәрігерлер Солтүстік Қазақстан облыстық балалар ауруханасына жасанды қан айналымын қамтамасыз ететін, құны 270 мың долларлық аппарат табыс етті

Шекаралық облыстар арасындағы ынтымақтастық туралы келісім-шарты аясында Ресейдің Тюмень облыстық клиникалық ауруханасының кардиохиругтары Солтүстік Қазақстан облыстық балалар ауруханасына жасанды қан айналымын қамтамасыз ететін, құны 270 мың долларлық аппарат табыс етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Наурыз 2004
  • 503
Фото - Caravan.kz

Тюмень облыстық клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Кирилл Горбатиковтың Петропавлда өткен баспасөз мәслихатында хабарлағанындай, мұндай жабдықтың пайда болуы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар ауруханасының негізінде кішкентай науқастардың жүрегіне жасалатын операциялар санын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазір Тюменьдік дәрігерлер осындай операциялар өткізіп, Солтүстік Қазақстан облыстық кардиохирургтар әріптестерімен тәжірибе бөлісуде. Соңғы 12 айда Ресейлік дәрігерлер Солтүстік Қазақстандық 41 балаға операция жасады. Олардың 19-ы Петропавлдағы облыстық балалар ауруханасының базасында жасалды. 36 баланы хирургиялық емдеу мақсатына облыстық бюджеттен 7,5 млн. теңге бөлінді.
Петропавлға қайтадан келген ресейлік дәрігерлер бұл жолы да операция жасауды талап ететін бүлдіршіндерді дәрігерлік бақылауға алды. Тюменьдік дәрігерлер биыл да жергілікті 9 балаға операция жасаса, олардың ең кішісі 9 айлық сәби. К.Горбатиков науқастардың жас мөлшерінің азаюын оңды дерек ретінде атады. Оның айтуынша, тумысынан жүрек ақауына шалдыққан балалардың 80 проценті бір жасқа шықпай қайтыс болатындықтан, «операция ерте жасалған сайын баланың аурудан біржола айығуға мүмкіндігі артады».
Тюменьдік кардиохиругтар Петропавлдағы тағы да осындай операциялар сериясын алдағы сәуірге межелеп отыр. Қазіргі жағдаймен Солтүстік Қазақстандық 400 бала жүрек операциясын жасатуға мұқтаж болса, олардың 15 проценті шұғыл операцияны талап етеді.

Соңғы жаңалықтар