ТЖ министрлігінің техникалық институты аттестациядан сүрінді

Оның айтуынша, ЖОО аталған сынаққа төрт жыл бойы дайындалыпты.

«44 кемшілік анықталды. Курсанттар да аттестациядан өте алмай қалды. Енді оқу орнының лицензиясын қайтарып алу мәселесі қаралып жатыр», - деді ол.
Бұған дейін Есеп комитеті Көкшетаудағы ТЖМ Техникалық институтында айтарлықтай заң бұзушылықтарға жол берілгенін хабарлаған болатын.