ТЖД ескертуі: пиротехниканы қалай дұрыс таңдау керек?
![]() |
Енді көп кешікпей қала тұрғындары петарданың, отшашулар мен салюттардың гүрсілдеп, жарылған даусын еститін болады. Жылда қалыптасқан дәстүр бойынша бізде жаңа жылды мерекелеу 31 желтоқсанға дейін басталып, кем дегенде қаңтардың ортасына дейін созылатыны бар. Пиротехниканы қалай дұрыс таңдап, кейбір тосын жағдайлардан алдын ала қалай сақтануға болатыны туралы Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді, деп хабарлайды |
елорданың ресми сайты.
«Пиротехниканы тек арнайы дүкендерден сатып алған дұрыс. Қорапшасындағы барлық жазулары шығарылған фирмасы, шығарған және сақталу мерзімі толық көрсетіліп, тек мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған болуы қажет. Ең бастысы, бұйымды қалай қауіпсіз пайдалануы жөнінде нұсқама қоса тіркелуі қажет», - дейді департаментте.
Пиротехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын міндетті түрде сақтау керек. «Салют атарда құрылыстан алшақтау жерде ашық алаң болуын есте ұстаған жөн. Ал бенгал шырақтарын пайдаланып болып, қоқысқа тастарда оның үстіне міндетті түрде су қоюды ұмытпау керек», - делінген таратылған хабарламада.
«Ал шыршаға қатысты айтатын болсақ, олар табиғи болса да, жасанды болса да өте тез тұтанады. Табиғи шыршаны су құйып сөндіру оңай, жасанды шыршаны тұтанса сөндіру күрделірек болады. Сондықтан бөлмеде жаңажылдық шыршаны безендіруде міндетті түрде осындай сақтық шараларын алдын ала нақты ойластырған жөн. Қорыта айтқанда, мерекеде барлығы да бақылауда болып, қауіпсіздік сақталуы керек, - деп ескертеді ТЖД.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін