Жарияланды: 410

ТЖД Кіші Алматы шатқалының бөктерлерінде өрт болу қаупін ескертеді

17 мамыр күні бораннан Кіші Алматы шатқалының бөктерлерінде құлаған ағаштар жатқан Медеу мен Шымбұлақ ауданында ірі өрт болу қаупі бар.

"Тауларда өрт қаупі туындап тұр, құлаған ағаштар жатқан жерлерде туристердің баруы ірі өртке соқтыруы мүмкін", - делінген Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламада. Сонымен қатар, мұндай қауіп Қимасар, Просвещенец, Горельник, Тұйықсу, Сырасай, Көкжайлау шатқалдарында да бар. Сынған, кей жерлерде ілініп тұрған ағаштардың құлап, сырғуы бақытсыз жағдайларға әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Департамент туристерге Кіші Алматы шатқалындағы арнайы белгіленген жерлерге ғана баруға, тау бкқтерлеріне шықпауға және алау жақпауға кеңес береді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін