ТЖД қызметкері «Жас ақын - 2014» байқауының жеңімпазы атанды - Ақмола облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТЖД қызметкері «Жас ақын - 2014» байқауының жеңімпазы атанды - Ақмола облысы

ТЖД қызметкері «Жас ақын - 2014» байқауының жеңімпазы атанды - Ақмола облысы

Көкшетауда  «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ-ның облыстық филиалының ұйымдастыруымен қалалық «Жас ақын - 2014»  байқауы өтті.

  • 3 Қараша 2014
  • 367
Фото - Caravan.kz

Өңірде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған байқауға жасы шамасы 16-29 аралығындағы 10 ақын қатысып, бақ сынады. Байқау ережесіне сай өзін-өзі таныстыру, шығармашылығынан өлең оқу және «Қазақ тарихының 550-жылдығы» тақырыбында ой өрбіту кезеңдері бойынша мықтылар анықталды.

Үш кезең қортындысы бойынша жүлделі үшінші орынды Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледждің 4-курс студенті  Нұрғайып Хапсемет иеленсе, екінші орын Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 2-курс студенті Мұхаммед Қоңқаевқа бұйырды. Ал, бірінші орынға облыстық ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметшісі Нұргүл Нұрбайқызы лайықты деп танылды.

«Бүгін менің жолым болып, бағым жанды. Ақындардың барлығы сайдың тасындай кілең мықтылар. Байқау өте тартысты, әрі қызықты өтті», — деп ағынан жарылды байқау жеңімпазы.


Перейти к новостям спорта