ТЖМ Алматының тау бөктерінде болған дауылдың салдарын жоюға 127 адам жұмылдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТЖМ Алматының тау бөктерінде болған дауылдың салдарын жоюға 127 адам жұмылдырды

ТЖМ Алматының тау бөктерінде болған дауылдың салдарын жоюға 127 адам жұмылдырды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 17 мамырда Алматының тау жақ бетінде болған дауылдың салдарын жоюға Азаматтық қорғаныс полкінің 127 сарбазын аттандырды,

  • 9 Маусым 2011
  • 422
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖ департаменті.

Сарбаздар Медеу, Шымбұлақ жолының батыс, шығыс бөлігіндегі тау беткейінде, Кімасар, Просвещенец, Горельник, Тұйықсу, Сырасай, Көкжайлау шатқалдарын құлаған ағаштардан босатады. Бұған дейін хабарланғандай, дауыл салдарынан бүлінген алқап 480 гектарды құрайды.

Бұл үшін сарбаздардың құрал-сайманы сақадай-сай. Олардың жұмысы үшін шатырлы қалашық тігіліп, азық-түлікпен толық қамтамасыз етілген.

Естеріңізге сала кетейік 17 мамыр күні Алматы маңында қатты дауыл болып 5 мыңға жуық ағаш құлаған еді. Қазірге дейін Алматы қаласына қарасты аумақ толық тазаланған. Ал, Іле Алатауы мемлекеттік табиғи паркіне қарасты аумақтағы құлаған ағаштар әлі күнге дейін жатыр. Жақында қала әкімі Ахметжан Есімов, ҚР ТЖ министрі Владимир Божко, ҚР Орман және аң шаруашылығы комитетінің өкілдері арнайы кеңес өткізіп, ағаштарды тез арада тазартуды қолға алу қажеттігін айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар